Ссылки доступа

Тәжік үкіметі жолақы қымбаттағанын растады (видео)


Один из "пятачков" такси в регионы в Душанбе
Один из "пятачков" такси в регионы в Душанбе

Тәжікстанның көлік министрлігінің хабарлауынша, астана мен басқа өңірлерде жолақы тарифінің көтерілуі министрлікпен келісілген. Министрлік өкілі бұны газ бен бензин бағасының көтерілуімен түсіндірді.

Жақында ғана астанадан Куляб қаласына бару үшін 40-50 сомони төлеу керек болса, енді жолақы 60-70 сомони (шамамен 5-6 доллар) тұрады. Душанбеден Рашт қаласына 50-60 емес, 100 сомони төлейсіз. Тұрғындар жолақының қымбаттығына шағымданып жатыр.

Бірақ жүргізушілер жолақы қымбаттамағанда шығынға бататынын айтып отыр. Олардың айтуынша, газ бен бензин арзандаса, жолақы да арзандайды. Тұрғындар бұған сенбейді.

"Жолақы 70-80 сомони тұрады дегенге ұрсады. Әуелі барып, газ бен бензин бағасын көріп қайтыңыз. Бізде кешке үйге шаршап қайтамыз, балаларымыз тамақ жегісі келеді", - дейді жүргізуші Хуршед Нұрмадов.

Почему резко повысилась стоимость проезда в такси?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Астанада Куляб пен Хорог қалаларына қатынайтын таксилер тұратын орында адам аз. Жүргізушілердің айтуынша, жолақы қымбаттағалы бері адамдар да азайған. Кейде олар күні бойы жолаушы күтіп тұрады.

Өткен аптада елде такси қызметін ұсынушы компаниялар жолақы қымбаттағанын жариялады.

Монополиямен күрес қызметінің өкілдері жанармай бағасының күрт қымбаттауын әлем нарығындағы бағаның өсуімен түсіндірді. Бірақ сарапшылар монолист-компаниялар баға саясатына ықпал етіп отыр дейді.

XS
SM
MD
LG