Ссылки доступа

Бішкекте екінші Жылу электр орталығын салуға үш ел қызығушылық білдіріп жатыр


Британия, Түркия және Қытай компаниялары Бішкектен екінші Жылу электр орталығын (ЖЭО-2) салуға қызығушылық білдіріп жатыр.

Бұл туралы парламенттің 8 қыркүйектегі отырысында энергетика және өнеркәсіп министрінінің орынбасары Таалайбек Ибраев мәлімдеді.

"Электр станциялары" ЖЭО салуға тендер жариялаған. Оның құнын әзір айта алмаймыз. Құрылыс салуға 62,2 гектар жер қаралып жатыр. Қазір инвесторлар іздеп жатырмыз. Әзірге британ, түрік және қытай компаниялары қызығушылық білдіріп жатыр", - деді министрдің орынбасары.

Осыған дейін президент әкімшілігі қуаты 460 МВт жететін ЖЭО-2-ні салуды қайта жандандырып, 2-5 жыл ішінде аяқтауды жоспарлаған.

ЖЭО-2-ні салу жоспары 1991 жылы қолға алынған. Бірақ СССР құлап, нысан құрылысы тоқтап, 47 гектар жерге үйлер салынып кеткен.

XS
SM
MD
LG