Ссылки доступа

Тәжікстанда танымал діни қызметкердің ісі сотқа жіберілді


Тәжікстанның Хорог қаласының прокуратурасы Мавлави Абдулло Язгуломи деген атпен танымал діни қызметкер Абдуллобек Кувватбековтің ісін сотқа берді.

Ол интернет және БАҚ арқылы экстремистік қызметін насихаттады деп айыпталып жатыр. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"13 қыркүйекте Хорог қалалық сотында басталатын іске отбасынан төрт адам қатыса алады деп хабарлады", - дейді діни қызметкердің бауыры Кувватбеки Кувватбек. Оның сөзінше, сот қызметкерлері үкім сол күні шығуы мүмкін екенін ескерткен.

Мавлави Абдулло Язгуломи биыл 18 маусымда Душанбеде ұсталған. Оның үйінен 80 мың доллар мен діни кітаптар тәркілеген.

Мавлави Абдуллои Язгуломи әлеуметтік желі арқылы халықты діни және ұлттық бірлікке шақырып жүрген.

XS
SM
MD
LG