Ссылки доступа

Тәжікстанның арнайы қызметі қырғыз азаматын ұстады


Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері 6 қыркүйекте Баткен ауданы Үштөбе ауылының тұрғыны Кубанычбек Акматовты ұстап әкеткен.

Бұл туралы Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады. Соңғы мәліметке сәйкес, Кубанычбек Акматов шөпдәрі теріп жүрген.

Тәжікстанның арнайы қызметі оны транзиттік жолда ұстап алған. Қырғыз азаматынан 100 келі ферула шөбі табылған.

Бұл оқиға бойынша екі елдің өкілдері сөйлесіп жатыр.

Жақын күндері екі елдің шекара қызметкерлерінің кездесуі кезінде Кубанычбек Акматовті еліне қайтару мәселесі қаралуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG