Ссылки доступа

Қырғызстанның кеден қызметі саудагерлердің кеден салығы өсті деген мәліметін жоққа шығарды


Қырғызстанның кеден қызметі 9 қыркүйекте кеден салықтары өзгермегенін хабарлады.

Бұның алдында баж салығы алдын ала ескертусіз екі есеге көтерілді деген мәлімет тараған.

Кеден қызметінің мәліметі бойынша, Қырғызстанға үшінші бір елден тауар кіргізгенде тауар құнының 0,25 пайызы кеден алымы ретінде ұсталады, ал қосылған құн салығы 12 пайыз көлемінде белгіленген.

"Кеден салықтары Еуразия экономика одағының бес елінде бірдей", - деп хабарлады Кеден қызметі.

Бішкектегі "Дордой" базарының саудагерлері 8 қыркүйекте митинг өткізіп, кеден салықтары алдын ала ескертусіз екі есе қымбаттады деп шағымданған. Саудагерлердің айтуынша, олар кеден қызметіне шыққан, бірақ қызметтегілер салық өскені туралы ресми құжат көрсете алмаған.

XS
SM
MD
LG