Ресей президентінің қаулысына сәйкес, мигранттарды уақытша тіркеуге алу 16 шілдеден 30 қыркүйекке дейін созылған. Пандемия басталған кезде, шетел азаматтарына мерзімі өтіп кеткен тіркеу құжаттарымен жүруге уақытша рұқсат берілген.
Енді шетел азаматтары тіркелу үшін алдымен жұмыс берушімен еңбек келісім-шартын бекіту керек. Егер бұл тәртіп бұзылса, полиция мигранттарды әкімшілік жазаға тартатын болады.