Ссылки доступа

Түркіменстанда жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерді мақта теруге шығарып жатыр


Мақта алқабы, Түркіменстан.
Мақта алқабы, Түркіменстан.

Түркіменстанда мақта теру науқаны басталды. Балкан елді-мекенінде жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерді мәжбүрлі түрде мақта теруге шығарып жатыр. Бұл жөнінде Азатлыктың аймақтағы тілшісі хабарлады.

Тілшінің хабарлауынша, оқушылар мен мұғалімдерді бірнеше күнге мақта алқабының басына алып кеткен.

"Билік мұның білім сапасына кері әсер ететініне бас қатырғысы келмейді. Оларға тек мақтаны толық жинау керек болды. Қазір оның үстіне коронавирустан адам өлімі көп болып жатыр", - деген Балкан тұрғыны тілшіге берген сұқбатында.

Тілшінің хабарлауынша, оқушылар мен мұғалімдер күніне әрқайсысы 60 келіден мақта теруі қажет.

Биыл Түркіменстанда мақта жинау науқаны жылдағыдан ерте басталды. Мары өңірінде тамыз айының ортасынан бастап тұрғындарды мақта теруге шығара бастаған. Бұдан бөлек алимент төлемеген ер азаматтарды да мәжбүрлі түрде мақта алқабына алып кетіп жатыр.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Түркіменстанды мақта теруде адам еңбегін қанайды деп сынап келеді.

XS
SM
MD
LG