Ссылки доступа

Тәліптер Etilaatе Roz газетінің екі журналисін аяусыз сабаған


"Талибан" қозғалысының содырлары Etilaatе Roz газетінің екі журналисін Кабулда әйелдердің наразылық акциясынан хабар таратқаны үшін аяусыз сабаған. Бұл туралы Reuters басылымның бас редакторына сілтеме жасап хабарлады.

Содырлар репортаж дайындап жүрген журналистер Немат Накди мен Таки Дариабиді ұстап, одан соң оларды қамшымен сабаған.

Etilaatе Roz газетінің негізін қалаушы әрі бас редакторы Заки Дариаби екі тілшінің суретін әлеуметтік желілерде жариялады. Екеуінің де денесінде қызарған іздер қалған.

"Бес әріптесті қамау орталығында төрт сағаттан астам уақыт ұстап, екі тілшіні төрт сағат бойы сабаған, аяусыз азаптаған", - деді редактор.

Журналистер ауруханаға түсті.

Өткен айда тәліптер Ауғанстанның батысында Deutsche Welle журналисінің бір жақын туысын өлтіріп, тағы біреуін жаралады. Медиакомпания басшылығының мәліметі бойынша, содырлар журналистің өзін іздеген. Бұл уақытта ол Германияда болған. Журналистің туыстары содырлардан тығылуға мәжбүр болған. Мәліметтерге қарағанда, Кабул маңында тәліптер медиакомпанияның кем дегенде үш қызметкерінің үйін тінтіген.

Тәліптер 7 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарына Ауғанстандағы наразылық акцяларынан хабар таратуға тыйым салатынын мәлімдеді. Қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид журналистерді митингілерден аулақ жүруге үндеді. "Бұл акциялар заңсыз, БАҚ оларды түсірмеуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдарынан наразылықтан хабар таратпауын сұраймыз", — деп мәлімдеді ол.

XS
SM
MD
LG