Ссылки доступа

Тәжікстанда ұсталған қырғыз азаматы үйқамаққа шығарылды


Бұл мәліметті қамалған азаматтың әкесі Абдилахат Акматов хабарлады. Ол ұлымен телефон арқылы сөйлескенін, ұлы Тәжікстанның Хожент қаласында үйқамақта екенін айтқан.

"Ұлымды Тәжікстан ішінде үйқамаққа шығарыпты. Қазір ғана телефонмен сөйлестім. Ешқайда кетпеу туралы тілхат жазып беріпті. Хожентте таныстарының үйінде тұрып жатыр. Кеше құжаттары мен киім-кешегін беріп жібергем", - дейді әкесі.

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері 6 қыркүйекте Баткен ауданы Үштөбе ауылының тұрғыны Кубанычбек Акматовты ұстап әкеткен.

Ол шекара маңында тәжік азаматтарына шөп сатпақ болған делінеді. Оны ұстау кезінде жанынан 100 келі ферула емдік шөбі табылған.

Төрт ай бұрын Қырғызстан Тәжікстанмен шекараны бір тарапты жапқан.

XS
SM
MD
LG