Ссылки доступа

Ташкенттегі "Малика" сауда кешені маңында бір кісіні өлтіріп кетті


Өзбекстан астанасындағы "Малика" сауда кешені маңында екі кісі пышақтасып, соның салдарынан бірі қаза тапты, екіншісі ауруханаға түсті.

Ташкент милициясының мәліметінше, жексенбі күні сағат 12 шамасында сауда орталығында телефон сатушы бірнеше адам жанжалдасып қалған.

"Жанжал кезінде 1977 жылы туған Т. Б. пышақталып, қаза тапты. 1988 жылы туған М. А. түрлі жарақатпен ауруханаға түсті", - делінген милиция мәліметінде.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің мәлімдеуінше, жанжалға қатысқандардың бәрі ішкі істер бөліміне жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр.

Ташкент прокуратурасы "қасақана кісі өлтіру" бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG