Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі елдің киберқауіпсіздігін нығайту үшін грант алады


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті компьютердегі шабуылдарға шұғыл әрекет ету орталығына (SOC) Корея халықаралық әріптестігі агенттігінің (KOICA) грантын алады.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елдің киберқауіпсіздігін нығайтуды көздейтін жоба бес жылға (2021-2025 жылдар) арналған. Оны жүзеге асыруға 5 млн доллар бөлінеді.

"Жоба аясында SOC орталығы құрылады. Адамзат мүмкіндігін дамыту мен мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздігін қорғауға арналған құрал-жабдықтар мен бағдарламалар алынады", - деп хабарлады ҰҚМК.

XS
SM
MD
LG