Ссылки доступа

Қырғызстанда Еуропа елдерінің жалған төлқұжатын жасап келген жәйт анықталды


Қырғызстан азаматтарын АҚШ-қа және Еуропа елдеріне заңсыз жөнелтіп отырған канал анықталды. Бұл туралы 13 қыркүйекте елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, жеке агенттіктердің бірі Белгия, Франция, Нидерланд, Испания және Грекияның жалған төлқұжатын дайындап, азаматтарды Еуропа және АҚШ-қа заңсыз жіберіп отырған.

Жалған төлқұжатты алып жүрген азаматтар Украинада ұсталып, Қырғызстанға жөнелтілген. Бұл дәйек бойынша осыған дейін бірнеше рет сотталған Ж.У. атты азамат ұсталып, Бішкектің №1 тергеу абақтысына қамалған.

XS
SM
MD
LG