Ссылки доступа

Тәліптер әйелдерге хиджаб киіп, ер азаматтардан бөлек оқуға рұқсат берді


Ауғанстанда қыздар жоғары оқу орындарына барса болады, бірақ міндетті түрде хиджаб киіп, ер адамдардан бөлек оқуы керек. Бұл туралы "Талибан" қозғалысы құрған үкімет мүшесі Абдул Баки Хаккани 12 қыркүйекте Кабулде мәлімдеді.

Үкіметте білім беру мәселесіне жауапты "Талибан" 20 жыл бұрынғы жағдайға қайтып баруын қаламайтынын, бірақ әйелдерге "дресс-код" міндетті екенін жеткізді.

"Талибан" Ауғанстандағы оқу орындарында әйелдер қандай киім киюі жөнінде ережесін жариялаған. Оған сәйкес, әйелдер денесін толық жапқан қара киім және қолдарына қолғап киіп жүруі керек. Ерлер мен әйелдердің аудиторияда бірге отыруына тиым салынады.

"Талибан" өткен айда әйелдердің "шариғат заңы аясында" құқықтары қорғалады деп мәлімдеген.

Осыған дейін әйелдер құқықтарының қорғалуын талап еткен қыз-келіншектер Ауғанстанда наразылық акцияларын өткізіп, бірақ тәліптер тарапынан күшпен таратылған.

XS
SM
MD
LG