Ссылки доступа

Ауған әйелдері Душанбеде Талибан пен Пәкістанға қарсы митинг өткізді


Акция протеста афганских женщин в Душанбе. 14 сентября 2021
Акция протеста афганских женщин в Душанбе. 14 сентября 2021

Тәжікстанда тұратын ондаған ауған әйелі 14 қыркүйекте Ауғанстанның Душанбедегі елшілігінің алдына жиналып, Талибан мен Пәкістанның Ауғанстандағы әрекетіне қарсы наразылық білдірді.

Олар "Пәкістан, Ауғанстаннан кет", "Ауған азаматтарын өлтіруді доғарыңдар", "Біз Ахмад Масудты жақтаймыз" және "Қарсылық жасасын" деп ұрандатты.

Наразылық акциясына қатысушылар Озоди радиосына оларды елдің болашағы толғандыратынын, Пәкістанның Ауғанстанның ішкі ісіне араласуына алаңдайтынын айтты. Пәкістан Талибанды қолдайтынын, Ауғанстанның ішкі ісіне араласқанын үнемі жоққа шығарып келеді. Алайда ауған елшілі алдында бейбіт митинг өткізгендер Пәкістанның тікелей араласуымен тәліптер шабуылға көшіп, ресми Кабул жеңіліске ұшырады деп есептейді.

Олар халықаралық қауымдастықты Талибан үкіметін мойындаудан бас тартуға, сонымен бірге Ахмад Масуд пен Ұлттық қарсылық майданын қолдауға шақырды. "Талибан Әмірлігін мойындау - халықаралық қауымдастықтың терроризмді мойындауымен бірдей", - деп мәлімдеді акцияға қатысушылардың бірі.

Ауғанстанның Тәжікстандағы елшісі Мұхаммад Зохир Агбар Талибан Әмірлігі үкімет билігін орнатып, мемлекетті басқара алмайды деп есептейді. Оның айтуынша, тәліптер әйелдердің жұмыс істеу және білім алу құқығын құрметтемейді.

XS
SM
MD
LG