Өзбекстан мен Қырғызстан Ош қаласындағы өзбек театрын жөндеуге келіскен. Жөндеу жұмыстары келесі жылдың басында аяқталады.
Жоба құны - 5 млн доллар. Оны өзбек тарапы бөледі.
Жөндеу жобасына сәйкес, театрдың сыртқы келбеті толық өзгереді.
Өш қаласындағы өзбек театры - Орталық Азиядағы ең алғашқы театрлардың бірі. Ол 1918 жылы ашылған. Мәдени орталық 2004 жылы "академиялық театр" мәртебесіне ие болды.