Ссылки доступа

Ашғабадта тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қаңғыбас иттерді аулау басталды


Ашғабадта Тәуелсіздік күні қарсаңында қаңғыбас иттермен қоса үй жануарларын да аулап әкетіп жатыр. Зооқорғаушылар үй жануарларының жоғалуы көбейіп кеткенін хабарлайды.

Қаңғыбас жануарларды ұстауды коммуналды шаруашылық қызметкерлеріне тапсырған. Ондағы қызметкерлердің айтуынша, жануарлардың бәріне ұйықтататын дәрі береді.

Жануарларды қорғау ұйымдарының айтуынша, ит пен мысықтарды аулап, оларды жою Түркіменстанның бірінші президенті Сапармұрат Ниязов кезінде басталған.

Бірақ соған қарамастан елде алабай итін жарнамалайды. Тіптен алабай тұқымдас итінің құрметіне алып ескерткіш орнатылған. 2021 жылдан бастап түркімен алабайы мерекесі атап өтіледі.

XS
SM
MD
LG