Ссылки доступа

Қырғызстанның Тоқтағұл су қоймасында су деңгейі екі есеге төмендеді


Қырғызстанның Тоқтағұл су қоймасының шығыны 14 қыркүйектегі есеп бойынша, секундына 137 текшеметрді құрайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге аз.

Бұл мәліметті "Электр станциялары" ашық акционерлік қоғамы жариялады. Әдетте қоймада су аз болған кезде, су шығынын қысқартады. Бүгінгі күні су қоймасында 12,1 млрд текшеметр су бар. Қалыпты жағдайда, қыстан қиналмай өту үшін 16-17 млрд текшеметр су болуы керек.

Осының алдында "Ұлттық энергия холдингі" басқарма басшысы Талайбек Байғазиев 2022 жылға қарай су деңгейі 6 млрд текшеметрге дейін түсіп кетуі мүмкін деп ескерткен. "Бұл - өлі деңгей. Қырғызстанның негізгі энергия көзі Тоқтағұл ГЭС жұмыс істеуден қалады" деген.

Қырғызстан жыл сайын сағатына 15 млрд кВт электр энергиясын жұмсайды. Суды үнемдеу үшін Қырғызстан үкіметі Қазақстан және Өзбекстанмен электр энергия алмасу жөнінде келісімге келген.

Келісімге сәйкес, Қазақстан 2021 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін Қырғызстанға сағатына 900 млн кВт, ал Өзбекстан биыл наурыздан 2022 жылдың сәуір айына дейін сағатына 750 млн кВт энергия береді.

Бұдан бөлек Қырғызстан Түркіменстаннан электр энергиясын ала бастады.

XS
SM
MD
LG