Ссылки доступа

Әндіжандық еңбек мигранты Ташкент әуежайында із-түссіз жоғалып кетті


19-летний Шохжахон Хомидов в турецком городе Манавгат.

Әндіжан облысы Шахрихан ауданының 19 жастағы тұрғыны Шохжахон Хомидов 9 қыркүйекте Ташкент әуежайында із-түссіз жоғалып кеткен. Туыстары алаңдап отыр.

Бір күн бұрын Түркиядан келген жігіт Мәскеуге әуе билетін сатып алған, бірақ оны ұшаққа жібермеген.

Туыстарының айтуынша, Шохжахонды астана әуежайында ұстап, белгісіз жаққа алып кеткен.

19 жастағы Шохжахон Хомидов туралы 9 қыркүйектен бері хабар жоқ. Ол Мәскеуге жұмысқа кетуі керек болған.

Шохжахонның Анталияда жұмыс істейтін ағасының айтуынша, бес ай бұрын оның анасы мен інісі Түркияға жұмыс істеуге келген.

– Биыл сәуірде Шохжахон анаммен бірге Түркияға келді. Ол бір айға жуық құрылыста істеді. Сосын мен оны Манавгат қаласындағы қонақ үйге жұмысқа тұрғыздым. Сол жерде Шохжахон үш ай істеді. Маусым аяқталған соң, қонақ үй жабылды. Сол кезде інім Мәскеуге жұмысқа барғысы келетінін айтты. Бірақ Ресейге Түркиядан ұшуға болмайды, шетел азаматы үшінші бір мемлекетке өз елінен ұшуы керек. Сол себепті біз Ташкентке билет алдық. 8 қыркүйекте Шохжахон Өзбекстанға ұшты. Келесі күні ол әуежайдан шықты. Ол "Узбекистон хаво йуллари" компаниясынан Мәскеуге билет сатып алды. Ұшаққа отардан жарты сағат бұрын мен оған хабарластым. Сол кезде Шохжахон: "Аға, мені тіркеуден өту кезінде екі адам ұстады", - деді. Сол кезде бейтаныс бір ер кісінің даусы естілді. Содан кейін Шохжахонмен байланыс үзіліп кетті, – дейді Хурсанбек.

Шохжахон Хомидовтің достары Мәскеуге Ташкенттен келген ұшақта ол болмағанын хабарлаған.

Оның ағасының айтуынша, елде президент сайлауы қарсаңында шетелден келген азаматтарды бақылау күшейген.

Жергілікті құқық қорғаушылар Өзбекстанда саяси белсенділерді ғана емес, еңбек мигранттарын да қудалау күшейгенін айтып отыр.

Биыл 26 мамырда саяси босқын Шохрух Базаровты Мәскеу полициясы ұстаған. 34 жастағы мигранттың туыстарының айтуынша, Шохрухты Ташкентке алып кеткен.

XS
SM
MD
LG