Ссылки доступа

ЕАЭО елдері арасында инфляция Қырғызстанда өте жоғары


Еуразия экономика одағына мүше елдер арасында инфляция Қырғызстанда өте жоғары.

Қырғызстан ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, биыл тамыз айында елдегі инфляция 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,2 пайыз болған. Комитеттің хабарлауынша, бұған азық-түліктің 7,6 пайызға қымбаттауы себеп болған.

Дегенмен тамыз айында одақ елдерінде тауар мен тариф бағасы өскен, ал Қырғызстанда 0,7 пайызға төмендеген.

Еске салайық, 2021 жылдың бірінші жартысында ЕАЭО елдері арасында Қырғызстан инфляция көрсеткіші бойынша бірінші болған. Бұның алдында Ұлттық статистика комитеті республикада жыл басынан бері қара құмық, лимон және өсімдік майы қымбаттағанын хабарлаған.

Қырғызстанның ұлттық банкі 2021 жылдың екінші жартысында да баға қымбаттай береді деп болжады.

XS
SM
MD
LG