Ссылки доступа

Түркіменстанда COVID-19-ға қарсы вакцина салу ісін жемқорлық жайлады


Ашғабат тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцина салдыру кезінде де пара беруге мәжбүр.

Тұрғындардың айтуынша, медицина қызметкерлері вакцина салдырғаны туралы куәлік үшін 10 манат ($2,9) сұрайды, бірақ ақша төленгені туралы квитанция берілмейді.

Түркіменстанда COVID-19 жұқтырғандар мен жұқпалы аурудан қайтыс болғандар көбейіп барады. Сол себепті Ашғабат пен аймақтарда вакцина салдыру жұмыстарын тездетіп жатыр.

Азаматтар мемлекеттің тегін вакцинасын емханада немесе ауруханада салдыра алады.

Астана тұрғындарының айтуынша, дәрігерлер мен медбикелер науқан кезінде "ақша жасауға" көшкен.

"Ресми түрде вакцина тегін салынады, бірақ медицина қызметкерлері оны өз пайдасына жаратып жүр. Вакцина салынғаны туралы анықтаманы олар 10 манаттан сатып жатыр. Ақша төлемесең, саған анықтама бермейді", - астаналық бір тұрғын.

Оның айтуынша, заңсыз ақша алу бұнымен бітпейді. Вакцина туралы анықтама алған соң оған мөр қойдыру үшін мекеме басшысына бару керек. Мөр қою 1 манат тұрады.

Түркіменстанда вакцина салдырғаны туралы куәліксіз қоғамдық орындарға ешкімді кіргізбейді. Жұмысқа, ұшаққа, пойызға ол анықтамасыз кіре алмайсың. Сол себепті тұрғындар вакцина салдыруға тырысады.

Биыл 7 шілдеде Түркіменстан коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу науқаны басталғанын жариялады.

Transparency International ұйымының жемқорлық деңгейіне қатысты 2020 жылғы есебінде Түркіменстан 180 мемлекеттің ішінде 165-орында тұр.

XS
SM
MD
LG