Ссылки доступа

Ресей төтенше жағдай кезінде "қарапайым тұтынушылардың" байланысын үзуді көздеп отыр


Ресейдің цифр дамуы, байланыс және жаппай коммуникация министрлігі төтенше жағдай кезінде "қарапайым тұтынушылардың" байланысын үзуді қарастыратын қаулы жобасын әзірледі.

Министрліктегілердің пікірінше, мұндай шара желіні босатып, "төтенше жағдайдың алдын алу және оның салдарын жоюға қажетті шараларды қолға алуға жұмсау үшін" қабылданады. Байланыс қорғаныс, ішкі істер, әділет және төтенше жағдайлар министрліктерінің, федералдық қауіпсіздік қызметінің, күзет және сыртқы барлау, сонымен бірге Ресей ұлттық ұланы қызметкерлерінде ғана болады.

Мәліметтерге қарағанда, қаулы күші байланыстың кез келген түріне жүреді.

Құжат 2022 жылдың 1 наурызында күшіне еніп, алты жылға жарайды деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG