Ссылки доступа

ҰҚШҰ-ның Душанбедегі саммиті жабық өтіп жатыр


Душанбеде 16 қыркүйекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер басшыларының кездесуі өтіп жатыр. Жүздесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан президенттері, Армения премьер-министрі және Ресейдің сыртқы істер министрі келді.

Кездесу басында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қысқаша кіріспе сөз сөйлеп, ҰҚШҰ аясындағы әріптестіктің дамуы туралы баяндады. Одан соң журналистерді жиналыс залынан шығарып жіберді. Жүздесу жабық өтіп жатыр.

Мәліметтерге қарағанда, Ауғанстандағы жағдай - саммитте талқыланатын тақырыптардың бірі.

Ұйымға мүше елдердің басшыларының кездесуі 16 қыркүйекте түске дейін жалғасады, одан соң брифинг болады.

ҰҚШҰ саммиті тәліптердің Ауғанстанда билікті басып алуына бір ай толғанда өтіп отыр.

17 қыркүйекте Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер басшыларының кездесуі өтеді. Онда да Ауғанстандағы жағдай талқыланады.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы 1992 жылы құрылған. Оған Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Қазақстан және Қырғызстан мүше.

XS
SM
MD
LG