Ссылки доступа

Қырғызстанда ІІМ экс-вице-министрін аса қауіпті қылмыскерлерге арналған абақтыға қамады


Курсан Асанов

Қырғызстан соты ішкі істер вице-министрі болған Курсан Асановты екі айға қамау туралы шешім шығарды. Оны Шу облысындағы N50 тергеу абақтысына жіберді.

Асанов 14 қыркүйекте ұсталған. Тергеу мәліметі бойынша, ол өзге адамдармен билікті тарптып алуға әрекет жасаған. Ол "Билікті күшпен тартып алу" бабы бойынша күдікті деп танылды.

Асановты ұстау алдында әлеуметтік желілерде оның сайлауалды штабында бірге жұмыс істеген Алмаз Сарыбаевпен телефон әңгімелері жарияланды.

Асановтың адвокаты оның кінәсіз, жалған ақпарат негізінде ұстады деп есептейді.

Бішкектің Бірінші май аудандық соты Алмаз Сарыбаевты да ұстады. Ол 15 қарашаға дейін Бішкектегі тергеу абақтысында отырады.

Курсан Асановтың адвокаттары N50 тергеу абақтысы аса ауыр қылмыскерлерге арналған орын екенін айтады. 2015 жылы осы абақтыдан 9 тұтқын түрме қызметкерлерін өлтіріп, қашып кеткен.

XS
SM
MD
LG