Ссылки доступа

Түркіменстанда дәрігерлер үш ауысымда жұмыс істеп жатыр


Азатлыктың Түркіменстандағы тілшілері аймақта COVID-19 вирусын жұқтырып ауырып жатқандар саны артып жатқанын хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар қажетті медициналық көмекті ала алмай келеді дейді.

"Жағдай күрделі, аурудың беті қайтып жатқан жоқ. Ауырып жатқандардың денінен Дельта штамы анықталып жатыр. 1-5 жас аралығындағы балалар да ауырып жатыр", - деген дереккөз Азатлык радиосына.

Қазір эпидемиология орталығының қызметкерлері үш ауысымда жұмыс істеп жатыр екен. Тест тапсырғандардың денінен ковид вирусы анықталып жатыр.

Коронавирусты анықтайтын тестің бағасы - 100 манат (28,5 доллар).

Аймақтарда инфекциялық ауруханаларда орын жоқ болғандықтан, көбі үйінде ем қабылдап жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, Түркіменстанда әлі бірде-бір коронавируспен ауырғандар жоқ.

XS
SM
MD
LG