Былтыр желтоқсан айында Спорт арбитраж соты (CAS) Ресей басшыларына Олимпиадаға және әлем біріншілігіне екі жыл бойында қатысуға тыйым салған. Бұл Ресей спортының допинг жанжалына қатысты болған. Мәскеу антидопинг зертханасына жеке мәліметтерді өзгертті деп айып тағылған болатын.
Бұдан бөлек CAS шешіміне сәйкес, екі жыл қатарынан ресейлік спортшылар халықаралық жарыстарға Ресей туын көтеріп қатыса алмайды. Ресей әнұранын орындауға да тыйым салынған.
Ресей спортында допинг жанжалы бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Ресей билігі допинг бағдарламасы мемлекеттік деңгейде болды дегенді теріске шығарып келеді.