Ссылки доступа

Қырғызстанда "Құмтөр ісі" бойынша тағы бір экс-премьер ұсталды


Джоомарт Оторбаев
Джоомарт Оторбаев

Қырғызстанда "Құмтөр" алтын кенішіндегі "жемқорлыққа" байланысты тағы бір экс-премьер ұсталды. 16 қыркүйекте Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Жоомарт Оторбаевтың ұсталып, тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады.

Алдағы екі күнде Бішкектің Бірінші май аудандық соты оған бұлтартпас шарасын қолдану мәселесін қарастырады.

Жомарт Отоорбаев қырғыз үкіметін 2014 жылдың наурызы мен 2015 жылдың сәуірі аралығында басқарған. Кейінгі бірнеше айда Қырғызстанда "Құмтөр ісі" бойынша бұрынғы премьерлер, экс-шенеуніктер, бұрынғы және қазіргі депутаттар ұсталған.

Қырғызстанда "Құмтөр" ұзақ жыл бойы қаржылық және экологиялық қайшылықтардың нысаны болған, қазір мемлекет пен кеніш операторы, канадалық Centerra Gold компаниясы оны басқаруға таласып жатыр.

Қырғыз үкіметі кенішті уақытша басқаруды қолға алған. Президент Садыр Жапаров бұл қоршаған орта мен қауіпсіздік саласында заңбұзушылықтарды тоқтату үшін қажетті қадам деген. Ал Centerra қырғыз билігінің әрекетін заңсыз әрі құқыққа қайшы деп атаған.

XS
SM
MD
LG