Ссылки доступа

Ташкент милициясы сақалдыларға қарсы рейд жүргізілгенін жоққа шығарды


Сотрудники спецназа на технорынке «Малика». Кадр с видеозаписи.

Ташкенттің ішкі істер бас басқармасы "Малика" сауда кешенінде арнайы жасақ қызметкерлерінің жүргені бейнеленген видеоға қатысты мәлімдеме таратты.

Басқарма бұл видеода діндарлардың сақалын мәжбүрлеп алуға қатысы жоқ іс-шара барысында түсірілген деп хабарлады.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде тараған видеода "Малика" сауда кешенінде арнайы жасақ қызметкерлері жүргені бейнеленген.

Базардағы саудагерлер арнайы жасақ "сақалдыларға қарсы" кезекті рейдін жүргізіп, саудагерлердің бірқатарының сақалын алып тастағанын хабарлады.

– Бізді қылмыскерлер секілді Шайхантахун ауданының милициясына алып барып, сақалды қырып тастауға мәжбүрледі, – деді саудагерлердің бірі.

Бірақ Ташкент милициясы бұны жоққа шығарып отыр.

"Алдын алу шаралары Қауіпсіз қала бағдарламасы аясында жүргізіледі. Жоба аясында Шайхантахур ауданында іс-шара өтті. Ол заң бұзушылықтың алдын алуды, есірткі саудасына жол бермеуді көздейді", - делінген басқарма мәлімдемесінде.

Айта кетерлік жайт, "Малика" базарында "сақалдыларға қарсы" рейд бұған дейін бірнеше мәрте жүргізілген.

Екі жыл бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері базарда ондаған сақалды саудагерді ұстаған. Әлеуметтік желі қолданушылары милицияның бұл әрекетін сынаған.

Биыл ақпан айында базардағы саудагерлер тағы да сақалмен күресуге шықты деп шағымданған. Ташкенттің ішкі істер бас басқармасы сол кезде де бұл ақпаратты жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG