Ссылки доступа

Қырғыз суретшісі халықаралық Index on Censorship сыйлығын алды


Татьяна Зеленская
Татьяна Зеленская

Қырғызстандық суретші Татьяна Зеленская халықаралық Index on Censorship сыйлығының лауреаты атанды.

Бұл туралы суретші "Фейсбуктегі" парақшасына жазды. Ой еркіндігін жақтаушы халықаралық ұйым жылына бір мәрте "Журналистика", "Белсенділік" және "Өнер" салалары бойынша жеңімпаздарды жариялап тұрады. Биыл "Өнер" саласында бас жүлде Татьяна Зеленскаяға берілді.

Суретшінің айтуынша, лауреаттарды марапаттау салтанаты Лондонда өтуі тиіс болған, бірақ карантин шектеулеріне байланысты жиын онлайн-форматта ұйымдастырылған.

Татьяна Зеленскаяның эмоция шақыратын иллюстрациялары әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тез тарап жүр. Суретші шығармаларында әйел құқықтары мен отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін жиі көтереді.

XS
SM
MD
LG