Ссылки доступа

Тәжікстанда діндар Мавлави Абдулло Язгуломи бес жылға сотталды


Мавлави Абдулло Язгуломи
Мавлави Абдулло Язгуломи

Хорог қаласының соты Мавлави Абдулло Язгуломи ретінде танымамал діндар Абдуллобек Кувватбековті бес жылға колонияға отырғызды. Оның екі шәкірті 4,5 жылға сотталды.

Олардың бәрі БАҚ немесе интернет арқылы экстремистік әрекетке үндеді деп танылды. Кувватбековтің туыстары сот үкімін әділетсіз деп отыр.

Имомиддин Әлиев пен Назриддин Шүкүров ұстазбен бірге сотталған, деп хабарлады Хорог сотындағы дереккөз Озоди радиосына.

Діндар Мавлави Абдулло Язгуломиді биыл жазда Душанбеде ұстаған.

Оның бауыры Кувватбек Кувватбековтің пікірінше, сот үкімі әділ болған жоқ. "Соттағы соңғы сөзінде бауырым оның үндеуімен ондаған жас жігіт мұсылман елдеріндегі медреселерді тастап, елге оралғанын айтты. Ол жастарды әскерге баруға үнемі үндеп жүрді. Бауырым осы уәждерді сот елеусіз қалдырғанына өкінді. Біз сот үкіміне шағымданамыз", деді ол Озоди радиосына.

Мавлави Абдуллои Язгуломи – Вандж ауданындағы Язгул жамоатының тумасы. Ол түсірген видеолар әлеуметтік желілерде таралған. Билік оның нақты қай ролигін заңсыз деп танығаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG