Ссылки доступа

Өзбекстанда халықтың 16 пайызы ковидқа қарсы вакцина алған


Өзбекстанда ересек тұрғындардың 16 проценті COVID-19 вирусына қарсы толық вакцина алды. Осылай деп елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өзбекстанда жаппай вакцина салдыру биыл 1 сәуірден басталған.

Ресми мәлімет бойынша, 15 қыркүйектегі есеп бойынша, 10, 2 млн адам вакцина алған. Олардың ішінде 16 проценті, яғни 3,4 млны - ересектер.

Биыл шілде айында Өзбекстан міндетті вакцинациялау туралы заң қабылдаған.

Бірақ созылмалы ауыр дерті барлар, бала емізіп жүрген аналар, жүкті әйелдер және ВИЧ-инфекциясымен ауыратындарға ковидқа қарсы вакцина салдыруға болмайды делінген.

XS
SM
MD
LG