Ссылки доступа

Қырғызстан тәжік студенттерін еліне кіргізу мәселесін қарап жатқанын жеткізді


Қырғызстанның білім министрлігі елінде білім алатын тәжік студенттерін кіргізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Мәліметке қарағанда, мекеме тәжік студенттері мен оқытушыларға Қырғызстанға кіруге рұқсат беретін жоба әзірлеп шыққан. Қазір жоба тиісті мекемелердің талқылауында.

Осыған дейін 100-ден астам тәжік студентінің Қырғызстанға кіре алмай отырғаны жайлы хабарлағанбыз.

Қырғызстан білім министрлігінің мәліметінше, 2020/2021 жылдары 1932 тәжік студенті білім алған.

Биыл мамыр айында қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып, 36 қырғыз азаматы қайтыс болып, 154-і жараланған. Тәжікстан 19 адам қайтыс болып, 87 адам жараланды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG