Ссылки доступа

Ресей экстремист деп таныған азаматты Тәжікстан ақтады


Мунир Абдулхамидов
Мунир Абдулхамидов

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Ресей билігі экстремист деп айыптап, азаматтықтан айырған азаматты жауапкершіліктен босатты.

Мунир Абдулхамидов "Группа 24" ұйымына қатысып, террорист деп айыпталған өзбекстандықтармен араласқаны үшін іздеуде болған. Оны биыл мамырда тәжік билігінің сұрауымен Ресейден Тәжікстанда экстрадициялаған. Бірнеше күннен соң ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босап шықты.

Мунирдің айтуынша, оның ісін Тәжікстан ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының тергеушілері бес ай бойы зерттеп, кінәлі еместігі дәлелденген. Билік оны ұстау және босату себебін түсіндірмеді. "Группы 24" ұйымының өкілдері Мунир Абдулхамидов олармен араласпағанын айтқан.

Мунир Абдулхамидов қазір Вахдатта тұрып жатыр. Ол тәжік билігі неге күдіктенгенін түсіндірді. Оның айтуынша, бауыры Ресейде елде жүру мерзімі өтіп кетуіне байланысты ұсталған. Мунир бауырына тамақ апарып жүріп, сонымен бірге отырған адаммен телефонмен сөйлескен. Ол күдіктіге терроризм айыбы тағылғаны кейін белгілі болды.

"Группа 24" ұйымының өкілі Мұхаммадсобир Абдукаххор Мунир есімді тәжік азаматы ұйымға тіркелмегенін айтты.

Ресейде бір миллионға жуық тәжікстандық жұмыс істейді. Тәжік азаматтарын түрлі айыптармен ұстап, Тәжікстанға экстрадициялау жиі болып тұрады.

XS
SM
MD
LG