Ссылки доступа

Бішкекте кәсіпкер әйелдердің қырғыз-өзбек форумы өтеді


Бішкекте 21-23 қыркүйек аралығында "Қырғызстан мен Өзбекстанның кәсіпкер әйелдерінің диалогы" форумы өтеді.

Форумды Қырғызстанның бірінші ханымы Айгүл Жапарова мен Өзбекстан Олий Мажлис төрайымы Танзила Нарбаева ашады. Сонымен бірге Орталық Азияның басқа да елдерінің: Қазақстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның саясаткер әйелдері сөз сөйлейді.

Халықаралық ұйымдардың өкілдері іскер әйелдерді қолдауға арналған бағдарламалар туралы айтады.

Еске салайық, биыл жазда Қырғызстан мен Өзбекстан бірлескен қор құратыны мәлім болды. Қор екі ел кәсіпкерлерінің жобаларын қаржыландырумен айналысады. Қордың жарғы капиталы 50 млн доллар, оны 200 млн долларға дейін көбейту жоспарланған.

XS
SM
MD
LG