Ссылки доступа

Өзбекстанда пара алды деген күдікпен екі прокурор ұсталды


Өзбекстанның Жызақ облысы аудандарының бірінің прокуроры пара алып жатқан жерінен ұсталған. Бұл туралы "Өзбекстан 24" телеканалы өлкенің Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке қарағанда, прокурор жергілікті құрылыс компаниясы басшысынан заң бұзғаны үшін 2 мың доллар талап етіп, оның 800 долларын алып жатқанда қолға түскен.

Дәл осы секілді Самарқанд облысындағы аудандардың бірінің прокурорының орынбасары ұсталған. Ол жергілікті диқанның үш жылға сотталған жазасын қатайтып, бүрынғы үкімді күшінде қалдыру үшін одан 10 мың доллар талап еткен.

Бұдан бөлек пара алу кезінде Наманган облысында Мәжбүрлеп орындату бюросының бөлім басшысы да ұсталған. Ол жергілікті тұрғындардың біріне Қырғызстандағы Жалал-Абад мемлекеттік университетінен Әндіжан мемлекеттік медицина институтына ауысуға жәрдем беріп, бұл қызметі үшін 700 доллар сұраған. Ол 200 долларын алып жатқан кезінде қолға түскен.

Бұл оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG