Азаттықтың қырғыз қызметінің тілшісі хабарларғандай, Акмалжон Исоев 15 жылға, Аюбжон мен Амонжон (фамилиялары әзірге белгісіз) есімді айыптаушылар сегіз жарым жылға кесілген. Олардың туыстары жоғарғы инстанцияға шағымданатынын айтқан.
Қарулы қақтығыста қырғызстандықтардың үйін тонады деген күдікпен ұсталғандардың ісі Баткен облысы Ләйлек аудандық сотында 21 қыркүйекте қаралды.
15 қыркүйектегі отырыста Тәжікстанның екі азаматы - Абдурозик Каххоров пен Аскар Юнусов өмір бойы түрме жазасына кесілген. Олар биыл мамыр айында ұсталған.
Биыл сәуірдің соңында және мамыр айының басында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болып, екі тараптан да ондаған адам қайтыс болып, үйлер мен басқа да нысандар өртенген. Екі өлкеде де бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.