Ссылки доступа

Тәжікстанда жалғыз ауған мектебінің жабылу қауіпі бар


Душанбеде ауған босқындарына арналған мектеп
Душанбеде ауған босқындарына арналған мектеп

Кабулда билік алмасқаннан кейін ауған босқындарының балалары білім алып жатқан Тәжікстандағы жалғыз мектеп жабылу алдында тұр. Бұл туралы мектеп директорының орынбасары Миржамил Фахризода мәлімдеді.

Оның сөзінше, ауған босқындарының балалары білім алған "Сомониён" мектебін қаржыландыру Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы билікке келгеннен кейін тоқтап қалған.

"Сомониён" мектебі жекеменшік ғимаратта орналасқан. Оның бір айлық жалға алу ақысы 2,5 мың долларды құрайды. Ауғанстанның жаңа билігі қаржыландыруды тоқтатқаннан кейін мектеп басшылығы бір айлық оқу ақысын уақытша 100 сомониден 150 сомониге ($9-$13) көтеруді шешкен.

"Мектепті қаржыландыру Ауғанстан билігімен шешілу керек. Егер Кабул қаржыландырудан бас тартса, Душанбедегі ауған елшілігі кәсіпкерлерден көмек сұрайды. Оқу ақысын көтеру уақытша шара деп ойлаймын. Мектеп қиындықтарға қарамастан білім беруді жалғастыра береді", деді Фахризода.

Мектеп 2000 жылы БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі бойынша басқармасының көмегімен ашылған. Бүгінгі күні онда 420 бала білім алады. Биыл онда оқушылар саны көбейген.

"Сомониён" мектебінде 30 мұғалім жұмыс істейді. Олардың айлықтары 700-900 сомониді ($60-$80) құрайды. Коммуналдық және мұғалімдердің еңбек ақысы ата-аналардың есебінен төленеді.

Ауған босқындарының балалары кириллицаны білмейтіндіктен, мектепте араб әріпі қолданылады.

XS
SM
MD
LG