Германиядағы "Өзбек форумы" адам құқықтарын қорғаушы ұйымның 21 қыркүйекте жариялаған баяндамасында белсенділерді мәжбүрлеп психиатрияға жатқызуға қатысты жеті түрлі оқиға айтылған.
"Өзбекстандағы жазалау психиатрясы - белсенділердің үнін шығармау әдісі" деп аталатын баяндама авторларының бірі, "Өзбек форумы" ұйымының жетекшісі Умида Ниязова мұндай жағдай Өзбекстанда өте көп екеніне сенімді
– Біз көптеген жайттарды зерттедік. Соңғыларының бірі Ахангарандағы кәсіпкер Давид Багманянға қатысты оқиға. Оның отбасына тиесілі екі жылжымайтын мүлікті 2019 жылы сүріп тастағанда кәсіпкер Президенттің халықты қабылдауына шағымдар жазды. Содан кейін оны мәжбүрлеп психиатриялы ауруханаға жатқызып тастады, бірақ дәрігердің емес, жергілікті әкімдіктің тапсырмасымен. Сол жерде оны бір ай ұстады. Сот Багманянның өз еркімен шешім қабылдауға шамасы жоқ деп шешті, сөйтіп оның аузын жапқысы келді. Алайда осыған ұқсас жайттарды бастан өткенген адамдардың дені аты-жөнінің жариялағанын қаламайды. Сол себепті осы баяндамаға жеті оқиғаны ғана кіргіздік, – дейді Ниязова.
"Өзбек форумының" баяндамасында Хорезмдегі блогер Нафосат Оллашукураның оқиғасы да баяндалды. Екі жыл бұрын хорезмдік ақын әрі журналист Махмұд Раджабтың Ташкентке ішкі істер министрлігінің қабылдауына жаяу барғанынан хабар таратты. Алайда Раджаб пен Оллашукурованы ұстап, екеуін де он тәулікке қамап қойды.
Он күн өткен соң сот Оллашукурованы Хорезм облысының психиатриялы ауруханасына жіберді. Қазір шетелде босқын мәртебесін алуға тырысып жүрген Нафосат Оллашукурова мәжбүрлі ем оның денсаулығына кері әсер еткенін айтты.
Нафосат Оллашукурова Өзбекстанға Шавкат Мирзияев билікке келгелі психиатриялы клиникаға мәжбүрлі түрде жатқызылған алғашқы белсенді.
Бұның алдында танымал адам құқықтарын қорғаушы Елена Урлаева мен тәуелсіз журналист Жамшид Кәрімов Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов билігі кезінде психиатриялы клиникада бірнеше мәрте мәжбүрлі түрде ұсталған.
Ташкенттегі "Эзгулик" адам құқықтарын қорғау қоғамының жетекшісі Әбдурахман Ташанов мәжбүрлі психиатрия барлық диктаторлы қоғамда бар деп есептейді.
КСРО кезінде саяси диссиденттерді психиатриялы диспансерде мәжбүрлі түрде ұстау әдісі кең қолданылғаны мәлім. Билікке айтылған кез келген сын "депрессивті психоз" немесе "шизофрения" деп саналған.