Ссылки доступа

Қырғызстан Ұлттық банкі Құмтөр алтынын сатып алмайды, кен өнімі шетелге сатылмайды


Қырғызстан Ұлттық банкі "Құмтөр Голд Компани" компаниясымен шартқа отырмаған. Бұл туралы "Азаттыкқа" Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк мәліметінше, алтын қорды толтыру саясаты аясында банк жергілікті өндірушілер ұсынған өнімді тұрақты түрде сатып алып тұрады. Сатып алу операциясы алтын өндіруші мен Ұлттық банк арасындағы бас келісім аясында жүзеге асады. Алайда Ұлттық банк пен "Құмтөр Голд Компания" арасында мұндай шарт жоқ.

Бұның алдында "ҚГК" компаниясын сырттай басқарушы Теңіз Бөлтүрүк кен өнімінің бәрін Ұлттық банк сатып алады деп мәлімдеген.

Биыл мамырда Қырғызстандағы ең ірі Құмтөр алтын кені төңірегінде дау шықты. Қырғызстан кен өндіруші "Центерраның" үстінен экологияны ластады деп миллиардтаған сомның шағымдарын түсірді, "Құмтөр Голд Компаниге" сырттай басқару енгізді. Билік кен алтыны экспортқа шығарылмайтынын мәлімдеді.

"Құмтөр Голд Компания" өндіріс көрсеткіштерін жариялауды доғарды. Компания биыл 15 тонна алтын өндіру жоспарланғанын мәлімдеген. Былтыр Құмтөрде 17 тоннадан астам алтын өндірілген.

XS
SM
MD
LG