Ссылки доступа

Қырғызстан билігі парламент сайлауы қарсаңында Ресейдегі мигранттарды консулдық есепке алады


Қырғызстан билігі 4-17 қазан аралығында Ресейдегі қырғыз азаматтарын консулдық есепке алып, олардың биометрикалық мәліметтерін жинайды. Содан кейін ғана еңбек мигранттары сайлауда дауыс бере алады.

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Ресейдегі диаспора және қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Комиссия мүшесі Анар Дубанбаеваның хабарлауынша, биометрикалық тіркеу мен консулдық есеп азаматтарды сайлаушылар тізіміне қосу үшін қажет.

Оны жақын маңдағы дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде өтуге болады. Ресейде 20 сайлау учаскесі ұйымдастырады. Олар Мәскеу, Қазан, Краснодар, Самара, Томск, Хабаровск, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Владивосток, Красноярск, Иркутск, Якутск, Южно-Сахалинск, Сургут және Тюмень қалаларында орналасады.

Қырғызстанда парламент сайлауы 28 қарашада өтеді. Жогорку Кенештің жаңа құрамына 90 депутат сайланады: 54 мандат саяси партиялар ұсынған кандидаттар арасында анықталса, 36 мандат бір мандатты сайлау округтеріндегі дауыс беру нәтижесімен үлестіріледі.

XS
SM
MD
LG