Ссылки доступа

Қырғыз кеншілері "Қырғызалтынның" сенімді шикізат жеткізуші мәртебесінен айыру туралы LBMA шешімінің күшін жоюды талап етті


Қырғызстанның тау-кен кәсіподағы "Қырғызалтынның" сенімді шикізат жеткізуші мәртебесінен айыру туралы LBMA шешімінің күшін жоюды талап етті.

Кеншілер хатында Лондон құнды металдар биржасының шешімі елдің алтын өндірісіне кері әсер ететіні, соның салдарынан Қара-Балтадағы зауыт тақырға отыруы мүмкін екені айтылды.

Кеншілердің пікірінше, парламент комитеті осы мәселені талқылап, бұдан шығу жолдарын көрсетуі керек. Сонымен бірге, хат авторлары мәселені саясиландырмауды сұрап отыр.

LBMA 17 қыркүйекте "Қырғызалтынның" сенімді тауар жеткізуші мәртебесінен айыратынын хабарлады.

Содан кейін қырғыз премьерінің орынбасары, экономика және қаржы министрі Ақылбек Жапаров Лондон биржасы осындай шешім шығаратынын күткенін, алтын сатудың жаңа көздерін іздестіріп жатқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG