Ссылки доступа

Самарқанда ана мен қыз асылып қалды. Күйеу мен ене өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін сотталды


Акс аз бойгонӣ
Акс аз бойгонӣ

Самарқанд облысының Каттақорған ауданында 16 жастағы қыз үй жанындағы сарайды асылып қалды, екі сағаттан соң анасы да өз-өзіне қол жұмсады.

Ана мен қыз үйдің отағасы мен ененің ұл тумадың деген уәжінен соң осындай қадамға барған, деп таратты Sevimli телеарнасы.

Күйеу мен енені екі адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп айыптады. Сотта күйеу әйелі мен анасын татуластыруға тырысқанын, сол себепті махалла жиынынан жүгінгенін, бірақ төраға оны тыңдағысы келмегенін айтты.

Ол былтыр қарашада әйелін тепкілеп, электр кабелімен сабағанын, сосын жазадан құтылу үшін оны үйде емделуге көндіргенін мойындады.

Ене былтыр желтоқсанда келінін ұрып, оның бетіне ыстық су шашып жібергенін айтты. "Ол баламмен де, менімен де тіл табыса алмады. Ол маған дөрекі сөйлейтін, ақылы таяз еді. Қандай қиыншылық көргенім өзіме ғана мәлім", – деді ене.

Сот екеуін де кінәлі деп таныды: марқұмның күйеуі жеті жылға, енесі төрт жылға сотталды.

XS
SM
MD
LG