Душанбе қалалық соты Иззат Амонның ісі бойынша сот отырысы 22 қыркүйекте аяқталып, оған қарсы қозғалған іс тоқтатылғанын хабарлады.
"Амон арызданған азаматтарға 1 миллион 90 мың рубль және 1 мың доллар қарыз болды. Ол бұл соманы толық төледі", - деді соттың өкілі.
Мәскеуде тәжіктер орталығын басқаратын Иззат Амон биыл 25 наурызда Ресейден Тәжікстанға депортацияланған. Тәжік билігі оған алаяқтық бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеген.
Тергеу мәліметіне қарағанда, Иззат Амонға қарсы 12 адам арыз жазған. Олар 2014 жылдан 2020 жылға дейін "қылмыстық жауапкершіліктен босату", "уақытша тіркеу" және "депортациялау туралы сот шешімін жою" үшін Амонға ақша бергенін, бірақ ол еш көмектеспегенін білдірген.
Бірақ құқық қорғаушының өзі бұл істе саяси астар бар деп біледі.