Ссылки доступа

Өзбекстанда зорлауға талпынған көршісін пышақтап өлтірген жүкті әйел 10 жылға сотталуы мүмкін


Қашқадария облысында биыл 25 маусымда жүкті әйел зорлауға талпынған көршісін пышақтады.

Ер кісі пышақ жарақаты салдарынан қайтыс болды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, кісі өлтіру қылмысы бойынша алдын ала тергеу аяқталып, іс Шыршық ауданының сотына жолданған.

Әйелді "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша соттайды. Ол 10 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп жазды "Новости Кашкадарьи" басылымы.

XS
SM
MD
LG