Ссылки доступа

Әндіжанда шенеунікке жұмысшыларды жеке шаруасына тартқаны үшін айыппұл салынды


Әндіжан облысының Бустан ауданында абаттандыру басқармасының қызметкерлерін өз үйінде жұмыс істеткізген әкімнің орынбасары жазаланды. Бұл жөнінде Өзбекстанның еңбек министрлігі хабарлады.

Әндіжан облысының еңбекпен қамту басқармасы әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметтерді тексеріп, абаттандыру қызметкерлері Бустан ауданы әкімінің орынбасарының үйінде сояның ұрығын құрғатып, тазалау істеріне тартылғанын анықтаған. Шенеунікке 1300 доллар айыппұл салған.

Осыған дейін абаттандыру қызметкерлерін үйінде жұмыс істеткені үшін Әндіжан облысының Қорғантөбе ауданы прокуроры қызметінен алынған.

XS
SM
MD
LG