Ссылки доступа

Қырғызстан: "Құмтөрдің" екі айдағы табысы 90 млн доллар болды


Қырғызстан маусым-шілде айында "Құмтөр" алтын кенінен 90 млн доллар пайда тапты. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиев мәлімдеді.

"Құмтөр" осыған дейін 21 жыл ішінде 84 млн доллар пайда әкелсе, біз екі айда 90 млн доллар табыс әкелдік. Міне осыған дейін ақшаның бәрі тоналып келген. Біз олардың коррупциялық схемаларын анықтадық. "Құмтөрден" айына 1,5-2 тонна алтын өндірілсе, оны ай сайын ұшаққа тиеп шығарып отырған. Бүгінгі күні бір грамм да алтын сыртқа шықпады. Соның есебінен Қырғызстан байып қалды, ақшасы пайда болды", - деді Ташиев.

Қырғызстан "Құмтөр" алтын кенін басқаруды өз қолына алғаннан кейін төрт ай ішінде 4,1 тонна алтын өндіргенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG