Ссылки доступа

Ресейде 11 өзбекстандық қаза тапқан кәсіпорын иесі сотталды


Ресейде Томск облысындағы Асиновск қаласының соты "Грин Вуд" кәсіпорынының қожайыны, Қытай азаматы Сунь Аньниді өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін төрт жылға соттады. Бұл кәсіпорында былтыр қаңтарда өрт шығып, 12 жұмысшы (он бірі Өзбекстан азаматы) қаза тапқан.

Ресей Тергеу комитетінің хабарлауынша, прокурор сотталушыға 4,5 жыл сұраған, бірақ сот жазаны сәл жеңілдетіп, Сунь Аньниді төрт жыл колонияға отырғызды.

"Причулымский" қыстағындағы бір қабатты ағаш үй былтыр 21 қаңтарда өртенді. Жанып жатқан үйден екі тұрғын ғана қашып шыққан. Өзбекстанның 11 азаматы және бір орыс азаматы қаза тапты.

Томск облысының губернаторы Сергей Жвачкин өртенген үйдің терезелеріне темір тор орнатылғанын, бұл үй адам тұруға арналмағанын мәлімдеген. Кәсіпорын жетекшісі Сунь Аньни бес күннен соң ұсталды.

XS
SM
MD
LG