Арнайы қызметтің 27 қыркүйекте таратқан мәліметіне қарағанда, "компаниялар тобы елге дәрі-дәрмек әкеліп, оларды халыққа өте қымбатқа сатқан".
Сотқа дейінгі өндіріс аясында компаниялардың кеңселері мен қоймалары тексерілді, екі түрлі бухгалтерия барын дәлелдейтін қаржы құжаттары алынды. Компаниялар тобына мемлекеттік органдарды бақылауда ұстайтын лауазым иелері қамқорлық жасап келген. "Фарммафия" салық төлеуден жалтару мақсатында дәрі-дәрмектердің нақты құнын жасырып отырған.
Тергеу бюджет шығыны мен кінәлілерді анықтап жатыр, деп хабарлады комитет.
Сотқа дейінгі өндіріс аясында компанялардың бірінің басшысы ұсталды. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. Күдікті арнайы қызметтің тергеу изоляторында отыр.
26 қыркүйекте ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев Қырғызстан шенеуніктер мен дәрігерлердің қатысы бар фарммафия әшкереленді деп мәлімдеген.