Ссылки доступа

Қырғыздың арнайы қызметі Тәжікстанда ұсталған қырғыз азаматы туралы мәлімет берді


Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері 26 қыркүйекте Қырғызстан азаматы Уразбек Мирзоевті ұстады. Ол 1995 жылы туған, Баткен облысы Лейлек ауданына қарасты Жаштык ауылының тұрғыны.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, Мирзоев әйелімен бірге маршрут-таксимен Худжанд-Канибадам күре жолында тәжіктің Жигдалик ауылына бара жатқан уақытта ұсталған.

Осыған байланысты 27 қыркүйекте көршілес екі елдің шекарашылары кездесуі тиіс. Онда қырғыз азаматын ұстау қаншалықты заңды екені, сонымен бірге оны қырғыз тарапына тапсыру мәселесі қаралады.

Баткен облысының әкімдігі екі жақтың келіссөздері басталып кеткенін хабарлады. Қырғыз Баткен облысы мен тәжіктің Соғды облысының басшылары мәселені телефонмен талқылаған.

Тәжікстанның ресми органдары қырғыз азаматының ұсталуына қатысты әзірге ресми мәлімдеме таратпады.

XS
SM
MD
LG