Бұл мәселе Баткен облысы және Тәжікстанның Соғды облысы басшыларының кездесуінен кейін шешілген.
26 қыркүйекте Лейлек ауданының Жаңа жер ауылының 26 жастағы тұрғыны әйелімен Тәжікстанның этникалық қырғыздар тұратын Жиделік ауылына бара жатқан кезде, Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметерлері ұстап әкеткен.
Бұл оқиға бойынша тәжік тарабы ресми түсініктеме бермеді.
23 қыркүйекте Лейлек ауданының Жаштык ауылының 16 жастағы екі тұрғынын Тәжікстанның күш құрылымдары ұстап әкеткен. Екіжақты сөйлесуден кейін олар босатылған.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы әлі толық шешілмегендіктен, осы маңда тұратын халық арасында жерге, суға байланысты жиі жанжал шығып тұрады. Биыл көктемде қарулы қақтығыс орын алып, ондаған азамат қайтыс болып, ғимараттар өртенген.