Ссылки доступа

Centerra халықаралық төрелік сотқа жүгініп, Қырғызстанға шұғыл шара қолдануын сұрады


Centerra Gold Inc. 27 қыркүйекте халықаралық төрелік сотқа жүгініп, Қырғызстан мен "Қырғызалтынға" қатысты шұғыл түрде шара қолдануын сұрағанын хабарлады.

Компания таратқан мәліметте осылай делінген. Ақпаратқа қарағанда, арыз "Құмтөр алтын кенін пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында" тапсырылған. Сол арқылы Centerra Қырғызстан мен ""Қырғызалтынның "кенге келтіруі мүмкін залалын" болдырмауға тырысады.

Канадалық компания соттан "төрелік сот түпкілікті шешім қабылдағанша шұғыл шара қолдануын" сұрады. Атап айтқанда, компания Қырғызстан үкіметінің 2021 жылы Құмтөр кенін өндіру жоспарынан бас тартуын, сонымен бірге Centerra-ға кендегі жұмыстар туралы есеп беруін қалайды.

Қырғыз тарапы канадалық компанияның арызына қатысты әзірге мәлімет таратқан жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев 27 қыркүйекте Женеваға кенге қатысты мәселелерді шешу үшін кеткен.

Құмтөр алтын кені төңіргенідегі дау биыл көктемде ушықты. Мамыр айында парламент "Құмтөр Голд Компани" әрекеті жөнінде мемлекеттік комиссияның есебін тыңдап, кәсіпорынға уақытша сырттай бақылау енгізуді үкіметке тапсырды. Комиссияның мәлімдеуінге, канадалық компания Қырғызстанға 4 миллиард 252 миллион доллар салық пен экологиялық санкция төлеуі тиіс.

Канадалық компания айыптарды жоққа шығарып, Қырғызстан үкіметінің үстінен халықаралық соттарға бірнеше арыз түсірді.

XS
SM
MD
LG